Bugin

Жастар кеңесі өтті

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысы және Абай ауданы әкімі жанындағы жастар кеңесі өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлының  қатысуымен Абай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысымен танысу және Абай ауданы әкімі жанындағы жастар кеңесі өткізілді.

Жастар кеңесіне Абай ауданың әкімі Бұхарбай Парманов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов және ауданның белсенді жастары мен жастар жанындағы кеңестің өкілдері қатысты.

Аталмыш шарада Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов презентациялық баяндамасында, орталықтың бірінші қабаты жастарға қызмет көрсету, екінші қабаты релакс зона және коворкинг, үшінші қабаты психологиялық жеке қабылдау және тезисный зал бағыттары бойынша жұмыс жасайтындығын айтып өтті.

Орталықтың жұмыс барысымен танысып болған соң, жастар кеңесі бойынша «Ерікті жастарға арналған мейірім порталының қызметін ұйымдастыру туралы» баяндама оқылды. Онда «Саябақтағы кешкі уақыт» тақырыбында жастар көп шоғырланатын жерде Street Workaut алаңшаларын ашу;  Әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан мектеп оқушыларын MMA, бокс, кикбоксинг және т.б спорт түрлеріне тегін қатысуға мүмкіндік алу тұрғысынан сұрақ-жауап және пікір алмасып, осы мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ жастар кеңесі соңында Абай ауданында орналасқан 66 мектептің 11-сынып оқушысы Сырымбек Белесбекті кикбоксинг спорт түрінен Венгрияда өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен  аудан әкімі құттықтап, медаль табыс етті.