МӘДЕНИЕТ
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов Шымкент қаласындағы өзбек драма театрында өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов Шымкент қаласындағы өзбек драма театрында өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуде өзбек этносының өкілдері тығыз шоғырланған Сайрам тұрғын алабындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту, және ішкі тұрақтылықтың маңыздылығы айтылды.
Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 17,5%-ын өзбек этносының өкілдері құрайды. Шаһардағы өзбектердің басым бөлігі Сайрам тұрғын алабында қоныстанған. Қалада 4 мектепте білім өзбек тілінде білім берілсе, 32 аралас мектепте өзбек сыныптары бар.
Шымкентте қаласында 2 өзбек этномәдени бірлестігі (Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасы Тахиржан Хакимбеков) мен 4 ауданда филиалы жұмыс жасайды.
Бүгінгі таңда түрлі салада еңбек етіп, еліміздің өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өзбек этносының өкілдері аз емес. Атап айтқанда, мемлекет және қоғам қайраткері Розақұл Халмұрадов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, белгілі боксшы Бобиржон Моминов және т.б.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған бүгінгі кездесуде Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов өңіріміздегі бірлік пен татулықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің шетел студенттерін бейімдеу орталығының директоры Шахло Наралиева, қалалық өзбек драма театрының директоры Мирвахид Миразизов, т.б. сөз сөйледі.
Жиын соңында ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қауымдастық төрағасына өзбек этномәдени бірлестігінің жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар міндеттер жүктеп, бірлік қағидаттарын шоғырландыруға бағытталған арнайы жобалар әзірлеп, енгізуді тапсырды.