Bugin

Сапарбаев: «Кім кінәлі? - деген сұрақтың жауабын алатын боламыз»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орын алған жарылыс кезінде жоғалған өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге дейін табылмай жатыр. Облыс әкімі әскери азаматты іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

- Бір азаматты осы уақытқа дейін таба алмай жатырмыз. Бұл жөнінде де біраз әңгімелер бар. Ол жұмыс тоқтатылған жоқ, тоқтатылмайды. Әскери қолбасшымен әрдайым байланыстамын. Қанша техниканың, қызметтік иттердің, қанша адамның жұмыс істеп жатқанынан хабардармын. Әрі қарай жұмысты жалғастырамыз. Ол азаматтың ата-анасымен де байланыстамыз - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімі Байзақтағы жарылыс туралы айтылатын жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

- Оның себебі неде? Себебі қашан анықталады? Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметінен құралған тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Олар тергеуді қалай бітіреді содан кейін ресми түрде айтады. Не себеп болды? Кім кінәлі? - деген сұрақтардың жауабын алатын боламыз. Сондықтан ешқандай нақақ сөздерге, өсек сөздерге ермеңіздер. Оның үстіне Байзақта болған жарылыс Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Кінәлі адам анықталады. Азаматты іздеу жұмыстары әрі қарай жалғасады - деді Бердібек Сапарбаев.