Bugin

Танымал америкалық тележүргізуші күзгі Алматы көрінісіне таңданысын білдірді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық тележүргізуші Опра Уинфри күзгі Алматының әдемі көрінісін Instagram парақшасында жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бұл видеоны 2020 жылы қазан айында Алматыда қазақстандық белгілі видеограф Анзор Гасаев түсіргені белгілі болды. 

- Менің досымен күнделікті таңертең жүгіруді әдетке айналдырған. Ол инстаграм парақшасына осы жерден видео жариялады. Мен оны кездейсоқ көріп қалдым. Тура сол кезде мен дрон сатып алған едім. Осында келіп 5 минут ішінде осы видеоны түсірдім. Мен түсіруге келгенде мұнда адамдар өте көп болатын. Бірақ, дронды ұшырған кезде айналада адамдар қалмағанын байқадым. Бәрі бір бірімен сәйкес келді - деді видеограф. 

Оның пікірінше, көптеген шетелдік азаматтар желідегі парақшаларында бұл видеоны бөліскен.

- Міне, Опра да бұл видеомен кеше бөлісті. Ішкі сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. Бекерге тырыспайсың, жалғастыру керек, әрі қарай түсіру керек - деп жазды Анзор Гасаев.