Bugin

Расизм туралы 8 фильм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың жазы АҚШ-та афроамерикандық азамат Джордж Флойдтың полицей қолынан қаза табуымен және нәсілдік кемсітушілік салдарынан туындаған наразылық шерулерімен есте қалды. Адамдардың мұндай реакция көрсетуінің басты себебі, түбірі не екенін түсінбесеңіз, сізге расизм туралы танымал 10 фильмді ұсынамыз. 

1. Қоршаулар 

Америка, елуінші. Троя Макссон бір кездері бейсбол ойынының танымал ойыншысы болған. Бірақ оның мансабы нәсілдік кемсітушіліктен жойылған еді. Ендігі кезекте ол Питтсбург көшелерінен қоқыс жинап, отбасын асырауға тырысады. 

2. Сүйіспеншілік 

Картинаның сюжеті алпысыншы жылдардың аяғында АҚШ -та болған оқиғаға негізделген. Ақ адам Ричард Ловинг пен қара нәсілді әйел Милдред бір біріне ғашық болып, Вашингтонға кетті (олар тұратын Виргинияда, нәсіларалық некеге тыйым салынған). Алайда, олар қарым - қатынасын ресми түрде тіркейді. Кейінірек, олар тұтқындалып, бір жылға бас бостандығынан айырылды және 25 жылға мемлекеттен шығарылды. Ол кезде ерлі - зайыптылардың үш кішкентай баласы болған еді. Бірнеше жыл өткен соң ғана Милдред АҚШ-тың Бас прокуроры Роберт Кеннедиге хат жазып, нәсілдік сегрегация туралы заңдарды жоюға қарсы алғашқы қадамын жасады.   

3. Жасырын фигуралар 

Елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың басында АҚШ-та әйел болу және қара нәсілді адам болу трагедия еді.  Кэтрин Джонсон, Дороти Воган және Мэри Джексон аталған қатып қалған қағиданы бұзды. Олар, афроамерикалық әйелдермықты математиктер болды және NASA ұйымында жұмыс істеп, ғарыштық саяхатқа қажетті есептеулермен айналысты. 

4. Сарай қызметшісі 

Блэк Сесил Гейнс мақта плантациясында құл болып туылған. Ол бала күнінде қожайынның үйінде қызмет еткен және этикетті меңгерген. Гейнс өмірінің көп бөлігін Ақ үйде сегіз президенттің қол астында өткізді. 

5. 42 

1947 жыл. Аңызға айналған бейсбол жаттықтырушысы Филиал Рики қара ойыншы Джеки Робинсонды өз командасына әкеледі. Жұртшылық команда жаттықтырушысын есінін адасқан деп ойлады. Ал Джеки бейсболдың тек «ақтарға» арналған ойын емес екенін дәлелдеуге тырысты. Ол жанкүйерлер мен команда мүшелерінің қорлауына, шабуылына төзіп, өз дегеніне жетеді. 

6. Маршалл 

Тургуд Маршалл - АҚШ Жоғарғы Сотында судья болып қызмет еткен және мектептердегі нәсілдік сегрегацияны тоқтатқан афроамерикандық азамат. Бұл фильм Тургудтың жұмыс беруші тарапынан жыныстық зорлық жасады деп айыпталған қара нәсілді жүргізуші туралы істі қараған кездегі алғашқы заңгерлік мансабына арналады. 

7. Жасыл кітап 

Классикалық музыкамен айналысатын афроамерикандық азамат Оңтүстік штаттарға гастрольдік сапармен шығып жүреді. Музыканттың жеке жүргізушісі ақ нәсілді азамат болады. Қара нәсілді музыкант пен ақ нәсілді азаматтың арасында өрбіген  достықтың шынайы тарихына негізделген фильм 2020 жылы  “Үздік фильм” номинациясымен үш Оскарды жеңіп алды. 

8. Тері 

Тері - Оңтүстік Африкада ақ нәсілді ата-анадан туылған Сандра Лаингтің өмірбаяны негізінде түсірілген фильм. Қара нәсілді болып дүниеге келген оның түпкі негізін арғы ата-бабасымен байланыстырады. Қара нәсілді қыз өсе келе  ақтарға арналған мектепке барды. Бірақ қызды сыныптастары мен мұғалімдері кемсітіп, соңында ата-анасы Сандраны мектептен шығарып алады.