Bugin

1 сынып оқулығындағы «өл» деген сөз дау тудырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім саласында тағы бір шикілік пайда болды. 1-ші сынып оқушыларына арналған "Менің алтын жазу үлгім" атты жазу дәптеріндегі "өл" деген сөз халық арасында дау туғызуда. Бұл кітаптың сатылымда жүргеніне қарсылығын білдірген белгілі блогер Дәулет Төлеутай Instagram парақшасында пікір білдірген еді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

- Осы уақытқа дейін мен бірінші сыныптың жазу дәптерінде «өл» деген жазудың барын айтқан болатынмын. Бұл тіпті менің қызым оқып жүрген кітап. Осы уақытқа дейін толтырып жүргендері 5 жасар қызымның. Қазақстанда суицид көп екенін білеміз. 5-6 жастағы балаға өл дегенді қалай жазғызып, қалай түсіндіреміз. Бұл дәптерді мүлде сатылымнан алып тастағанын қалаймын. Бұдан да басқа қазақша сөздер жетіп жатыр ғой "өс, өн, өр" деген. Бұл кітап сатылымнан алынып тасталсын - деді блогер.

Блогер әрі журналист Дәулет Төлеутайдың үндеуіне құлақ түрген Білім және ғылым министрлігі көпшілікке түсініктеме берді.

- Бұл дәптер орта білім беру ұйымдары үшін бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің бекітілген тізбесіне енгізілмеген. Тиісінше, мемлекеттік сараптамадан да өтпеген. ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер ғана сараптамадан өткізіледі. Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – оқулықты сүйемелдейтін, міндетті талаптарға сәйкес әзірленген әдістемелік нұсқаулық. Аталған жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлерді және басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы білім беру ұйымдарына берілген.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мүмкіндігі қаралатын болады.
Айта кету керек, мұндай басылымдар әрқашан ашық сатылымда немесе Интернетте қолжетімді. Қосымша оқулықтар, ертегілер жинақтары, дәптерлер сияқты олар арнайы бекітілмейді. Бекітілген ресми дәптерлер тізімінде мұндай басылым жоқ екеніне тағы да назарларыңызды аударамыз, -
деп түсіндірді министрлік.