Білім және ғылым

Онлайннан офлайнға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Пандемия кезінде онлайн оқытуды бүкіл оқу орындары кеңінен пайдаланды. Үш-төрт жыл бұрын «онлайн», «офлайн» деген термин сөздерін мүлдем қолданбайтынбыз. Бүгінде бұл терминдер ұстаздар қауымының күнделікті қолданысына еніп кетті. Онлайн сабақ, онлайн жиналыс, онлайн жұмыс, қызметкерлерді аса қауіпті және жұқпалы COVID-19 ауруынан сақтады. Заманауи технологиялардың түрлі платформалары уақытыңды тиімді пайдалануға, жұмысыңды, оқуыңды, қоғамдық қызмет және жеке шаруаларыңды жүйелеуге септігін тигізді. Біздің мемлекетіміз цифровизацияның үздіксіз дамуының арқасында бұл сынақтан абыроймен өтті деуге болады. Індетке қарсы екпе алған ұстаздар мен студенттер биылғы оқу жылын дәстүрлі оқу форматында бастады. Ал ЖОО-ы дәстүрлі форматқа біртіндеп көшетін болады.  Мәселен, отандық білім беру саласының көшбасшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу процесін аралас форматта жүргізіп жатыр. Оқу ордасында «Ashyq» жүйесі орнатылған және барлық аудиторияларда тиісті санитарлық-эпиде­миялық талаптар мен маска режимі сақталған.

COVID-19 ауруын жеңіп, эпидемиологиялық жағдай біржола тұрақтанады деп сенеміз.

 

Жалғас ИМАНАЛИЕВ, Аға оқытушы