Bugin
Қытайда мектеп оқушыларының ата-аналары балаларының қозғалысын бақылай алады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қытайдағы Чжухай бастауыш мектебінде оқушылардың формасы арнайы микрочиптермен жабдықталған. Ата -аналар баласының күнделікті жасайтын қимыл қозғалысын бақылай алады. Егер бала қауіпті жағдайға тап болса микрочип ұялы телефонға, ата-аналарға немесе мұғалімдерге сигнал жібереді.
Барлық ата-аналар бұл жаңашылдыққа аса қызығушылық танытпады. Көбісі чиптерді қылмыскерлердің аяғына салынатын электронды білезіктермен салыстырып, қарама-қайшы пікірлерін білдіруде.
Қытайда балалар көбінесе сабақтан қашып, компьютерлік клубтарда бейне ойындар ойнап, уақыттарын құр босқа өткізеді. Сонымен қатар, физикалық зорлық-зомбылық мақсатында бала ұрлау деректері тіркелуде. Аталған қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында мектеп формасын микрочиптеу жұмыстары қолға алынуда.