Bugin

Путин Түркия Президентін «Спутник V» вакцинасын қабылдауға шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Путин мен Ердоған Сочиде келіссөздер жүргізді. Бұл көшбасшылардың карантин кезіндегі алғашқы бетпе-бет кездесуі. Сол себепті кездесу барысында коронавирус пен вакцинация туралы пікірталас та болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Путин өзі де вакцина алғанын тілге тиек ете отырып, Түркия президенті Ердоғанды Спутник V  вакцинасын қабылдауға шақырды.

Кеңеске жауап ретінде Түркия президенті ревакцинация жасағанын мәлімдеді.

- Мен мұны жасадым, - деп Ердоған еуропалық вакцинаны атады.

- Келесі жолы қабылдарсыз, - деп аяқтады Путин.