Bugin

TikTok желісін қолданушылар саны бір айда 1 миллиардтан асты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қысқа бейнелерден тұратын TikTok әлеуметтік желісін қолданушылар саны бір айда 1 миллиардтан асты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

- Қазір бүкіл әлем бойынша 1 миллиардтан астам адам ай сайын ТикТокқа көңіл көтеру, үйрену, күлу және жаңа нәрсені ашу үшін келеді - делінген TikTok хабарламасында.

App Annie статистикалық платформасының мәліметі бойынша TikTok 2020 жылы 2 миллиардтан астам жүктелім арқылы әлемдегі танымал қосымша болды.

Әлеуметтік желінің тарихы 2016 жылы қытайлық ByteDance компаниясы жариялаған Douyin қысқа бейне сервисінің іске қосылуынан басталды. 2017 жылы ByteDance Musical.ly караоке қосымшасын сатып алды. Бір жылдан кейін екі қосымшаны TikTok-қа біріктірді. 60% -дан астам қолданушысы бар қосымша Қытайда «Доуинь» деп аталады.