Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСуретте көзіңізге бірден түскен тәжді таңдап, өзгелерге қандай адам болып көрінетініңізді біліңіз. Сырт көз сыншы. Ішкі жан дүниеміз өзімізге ғана мәлім болса да, өзгелер бізді басқа қырымыздан тануы мүмкін. Басқа адамдардың біз туралы не ойлайтынын білгіміз келеді. Айналамыздағы адамдар арасында өзіміз жайлы жағымды пікір қалыптастырғанды ұнатамыз. Ал сіз өзгелер үшін қандай адам болып көрінесіз? Білгіңіз келе ме? Ендеше психологиялық суретке үңіліп, көзіңізге бірден түскен тәжді таңдаңыз.
1 - ТӘЖ
Қайраттылық - кейде бойыңызда таусылмайтын энергия көзі бар сияқты сезіледі. Әрқашан әрекет жасап, алға қарай ұмтылғанды, жаңа жетістіктерді бағындырғанды ұнатасыз. Сан түрлі қызықты идеялар ойыңызға келіп, соларды жүзеге асыруға тырысасыз.
2 - ТӘЖ
Адалдық - сіз үшін өмірдің мәні осыда. Қандай да бір талқылау болса, әңгіме шықса барынша, одан өзіңізді алып қашасыз, интрига жасағанды ұнатпайсыз. Барлығын әділ түрде жасайсыз. Әрқашан ауыр болса да шындықты айтқанды құптайсыз.
3 - ТӘЖ
Білімге деген құштарлық - тәуліктің 24 сағатының бәрінде ақпаратты қабылдауға дайынсыз. Рухани жағынан да, интеллектуалды жағынан да біліміңізді арттырып, әрдайым даму үстінде жүресіз.
4 - ТӘЖ
Сенімділік - кейбір жандар үшін сіз нағыз арқа сүйер адамсыз. Әрқашан сізге сенім артуға болады. Керек адамға иығыңызды тосып, көмек беруге дайын тұрасыз. Сондай-ақ, өте сенімді бизнес сeріктес бола аласыз).
5 - ТӘЖ
Табандылық - өзіңіздің қалауыңызға қалай жету керектігін білесіз! Мақсатқа жету жолында ештеңе сізді тоқтата алмайды. Tіпті кейде ережелерге де қарсы жүруге дайынсыз.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61