Bugin

Тунис Үкіметін алғаш рет әйел адам басқарады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тунис елінің президенті Каис Саид Наджла Боден Ромданды премьер-министр қызметіне тағайындады. Ел тарихында алғаш рет бұл лауазымға әйел адам ие болды. Алдыңғы Үкімет тарағаннан соң екі аптадан кейін Каис Саид жаңа премьер-министр Ромданға  мүмкін болса тезірек жаңа кабинет құруды тапсырды.  Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Кайс Саид жаңа премьер-министрге Үкіметтің құрамы туралы ұсыныстарды “тезірек” енгізуді тапсырды. Ол болашақ Үкіметтің  басты міндеті “көптеген мемлекеттік институттаржа жайылған сыбайлас жемқорлық пен хаосты тоқтату” екенін атап өтті. Сонымен қатар, Президент Ромданның Премьер-миниср лауазымына ұсынылуы “Тунис  пен  тунис  әйелдері  үшін  үлкен  құрмет” екенін жеткізді.  Премьер -министр лауазымына тағайындалғанға дейін Ромдан Тунистегі жоғары білім реформасы  жобасын жүзеге асырған. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген.