Білім және ғылым

Ауған әйелдерінің тағдыры бейнеленген танымал 5 кітап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Мен - Малала». Әлемді таңдандырған ерліктің бірегей тарихы. Кристина Лэмб, Малала Юсуфзай 

Малала Юсуфзай Нобель сыйлығына екі рет ұсынылды. 2013 жылы Time журналы Малаланы ең ықпалды 16 жасөспірімдерінің тізіміне қосты. People журналының нұсқасы бойынша 2013 жылы ол жыл кейіпкері атанды. Сондай-ақ, 2013 жылы Ұлыбританиядағы Ұлттық кітап премиясының «Көркем әдебиет» номинациясының иегері. Ол 16 жасқа толған күні Біріккен Ұлттар Ұйымында сөз сөйледі.  

Малала Юсуфзай - Пәкістанның Сват аңғарынан келген мектеп оқушысы. Ол Талибандарға қарсы шыққаны үшін өлім жазасына кесілген. Алайда, ол тосыннан жазадан аман қалады. “Мен - Малала” кітабы - халықаралық туризммен күрескен қыздың басынан кешкен оқиғаларға негізделіп жазылған. Бұл кітап адамды бір ғана тұлғаның әлемді өзгертуге күші жететініне сендіреді.  

«Батпырауық қуған бала», Халед Хоссейни 

Достық пен адалдық, сатқындық пен оның өтемі туралы шынайы өмірге негізделген әңгіме. Нәзік, ирониялық және сентименталды жазылған Халед Хоссейнидің романы шексіз қарауға болатын картинаға ұқсайды. Бұл оқиға Кабулда 1970 жылдары соғысқа дейін өрбиді. Бұл сиқырлы қалада Әмір мен Хасан есімді балалар бар. Бірі жергілікті ақсүйек болса, екіншісі қарапайым кедей шаруа. Бірінің әкесі сымбатты және абыройлы, екіншісі ақсақ және аянышты. Қожайын мен қызметші, князь бен қайыршы, сымбатты және мүгедек. Бірақ әлемде осы екі баладан жақын адам жоқ еді. Алайда Кабул саясаты екі жігітті екі тағдырдығ екі жолына салады. Әрқайсысының өз тағдыры, өз трагедиясы бар.  

Жалпы адам баласы батпырауық ұстап, желдің соңынан жүгіреді. Күнделікті тағдырдың соқпағына түсіп, өз жолыңызды іздейсіз. Қалыспауға тырысасыз. Бірақ ол жеткізбейді. 

«Кабулдағы кітап сатушы», Осне Сейерстад 

Қарапайым ауған отбасының өмірі. Талибан әскері қашқаннан кейін бірінші көктемде Кабулға іс-сапармен келген норвегиялық журналист Талибандардың соққысынан әбден қажыған қарапайым халықпен тілдеседі. 

«Кабулдағы жерасты қыздары. Еркек кейпінде өмір сүретін ауған әйелдерінің тарихы», Дженни Нордберг 

Олар ер адамдар секілді киініп, тәрбиеленеді. Ауғандықтар өздерінің ішкі құпиясын біледі, бірақ бұл туралы ешкімге дауыстап айта алмайды. Олардың өмірі - провокация. Оларға қажеті - бостандық. Алайда, олар тұмшаланатын болса сол еркіндіктен. Бұл қыздар - құпия. Барлық мәселе осы құпиялылықта. 

«Жарқыраған мың күн», Халед Хоссейни 

Махаббат - керемет сезім. Терең, жасырылған, тыйым салынған, құпия. Кітап 2007 жылы әлемдік бестселлерге айналған Халед Хоссейнидің жаңа романы. Романның ішінде идилялы Ауғанстанды жойған толқулардың құрбаны болған екі әйел бар.  

Мәриям - бай кәсіпкердің некесіз қызы, ол бала кезінен бақытсыздықтың не екенін білді.  

Лейла - тату-тәтті отбасының сүйікті қызы. Еркін және керемет өмірді армандайды. Олардың арасында ортақ ештеңе жоқ. Екеуі екі түрлі әлемде өмір сүреді. Алайда, өмірдің өзі Лейла мен Мәриямды байланыстырады. Бірге қайғы мен қасіретті бастан кешіреді.  

«Жарқыраған мың күн» - қуатты, драмалық және лирикалық әңгіме.