Bugin
Ғалымдар Бернардинелли-Бернштейн деп аталатын ең үлкен кометаның нақты өлшемдерін анықтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ғарыштық денеге C/2014 UN271 ресми белгісі берілген. Кометаға Бернардинелли-Бернштейн атауын алғаш ашқан екі астрономның құрметіне берген. Олар Педро Бернардинелли мен Гари Бернштейн.
Табылған сәтте кометаның көлемі әр түрлі болған. Ғалымдар оның көлемін анықтау үшін ұзақ уақыттарын арнады. Себебі, ол шамамен 29 астрономиялық бірлік (AU) қашықтығында байқалады, яғни жерден Нептунға дейінгі аралық.
Жаңа зерттеулер ғарыш денесі ядросының ені 150 шақырымға жететінін анықтады. Негізінде, кометалардың әдеттегі мөлшері бірнеше ондаған километрден аспайды. Тарихтағы ең ірі кометалар Хейл-Бопп сияқты, яғни 80 км. Абсолюттік рекордсмен 1729 жылы анықталған 100 шақырымдық Сарабат кометасы.
Бернардинелли-Бернштейннің құйрықты жұлдызын Жерден де байқауға болады. Бірақ ол үшін күтуге тура келеді: алып мұз нысаны біздің планетамызға 2031 жылы жақындайды.