Bugin
Бүгін Дубайда пандемияға байланысты кейінге шегерілген ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесі басталды. Халықаралық шара 2022 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Көрменің басты ұраны - «Ақыл-ойды біріктіру, болашақты құру». Сондай-ақ, үш ішкі тақырып таңдалды: «Тұрақты даму», «Ұтқырлық», «Мүмкіндіктер»,
Қазақстанның ұлттық павильоны EXPO 2020 көрмесінің ресми ашылуына қатысты.
Айтпақшы, QazExpoCongress ұлттық компаниясы (бұрынғы «Астана ЭКСПО-2017») біздің елдің павильонын күтіп ұстауға 488 миллион теңге бөлді. 2019 жылы бұл ұлттық компания Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің юрисдикциясына берілген еді.