Bugin

Дубайда ЭКСПО-2020 көрмесі ашылды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дубайда Коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылған ЭКСПО-2020 көрмесі ашылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бин Рашид Әл Мактум көрмені ашық деп жариялады. Рәсімге әлемнің түкпір-түкпірінен келген жұлдыздар, соның ішінде итальяндық тенор Андреа Бочелли, Британдық эстрада жұлдызы Элли Гулдинг және қытайлық пианист Ланг Ланг қатысты. Алдағы уақытта, 190-нан астам ел 438 гектар аумақтағы павильондарда өздерінің мәдениеті мен инновацияларын көрсетеді. 

Дубай үкіметі бұл шараға шамамен 7 миллиард доллар жұмсады. Олар алдағы алты айда туризм арқылы эмиратқа 25 миллион келушілер тартылады деп үміттенуде.  

Егер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған COVID-19 вакциналарымен толық вакцинацияланған болса, барлық елдің азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне бара алады. Көрмеге қатысу үшін 18 жастан асқан барлық адамдар вакцинация паспортын немесе ПТР теріс нәтижесін ұсынуы керек. Билет иелеріне сол жерде тегін тестілеу қолжетімді болады.