Bugin
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде қола жүлде иемденді. Бразилия құрамасымен бәсекеге түскен олар кездесуді 4:2 есебімен аяқтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Бұл ойында есепті бірінші болып қазақстандық футболшы Альберт Ақбалықов ашты. Екінші таймның басында бразилиялықтар есепті теңестірді. Бірақ көп ұзамай Тайнан қазақстандық жасақты тағы да алға шығарды – 2:1. Оңтүстік американдықтар ұзақ уақыт бойы Тайнан голынан кейін шабуылға шықты.
Феррао, Родриго және Ле ойнаған Бразилия командасына 4:2 есебімен жеңіске жетті. Сонымен бірге әлем біріншілігінде үшінші орын алды.