Bugin
Түркияyның ежелгі Блундус қаласында археологтар жүзім және гүл шоқтары қойылған, жартасың бойында орналасқан 400 қабірді тапты. Жерленгендердің жасы шамамен 1800 жыл. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қазба жұмыстарының жетекшісі, профессор Бирол Янның айтуынша, зерттеушілер бұл жерден табылған қалдықтар мен басқа да материалдарды талдай келе, тас қабірлер біздің заманымызға дейінгі II ғасырда белсенді түрде қолданылған деген қорытындыға келді.
- Біз оларды отбасылық жерлеу орны деп айта аламыз, - деді ол.
Профессор Янның тобы ежелгі қаланың жер астында орналасқан моласы да бар деп санайды. Себебі Блундус ормен қоршалған және кейбір жерлерде 70 метрге жетеді.
Табылған қорымдар туралы айта отырып, археолог жартас қабірлерінің ішінде әр түрлі типтегі бөлмелер бар екенін атап өтті.
- Әр криптаның қабырғаларының алдында тасқа доға тәрізді саркофагтар ойылып салынған. Сонымен қатар, қабірлердің ішінен біз жерлеу рәсіміне пайдаланылатын орындарды таптық. Олардың кіреберісі мәрмәр есікпен жабылған. Жерлеу немесе рәсімдер кезінде ашылды, - деп түсіндірді Бирол.
Енді мамандар қабірлерді сақтау және келешекте туристер бұл қорымдарға келуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауйтынын айтты.Олар қазірдің өзінде осы археологиялық орынды насихаттау үшін жобалар дайындауда. Мысалы, айналаға жаяу жүргіншілер жолы салынып, аумағы жарықтандырылады.
Блундус қаласын Рим генералы Блундус Александр Македонскийдің Анадолыға жорыққа шыққанда құрғанын хабарлайды. Македония патшасынан кейін қаланы римдіктер мен византиялықтар басқарған.