Bugin

Қазақстан мен Сингапур бірігіп Алматы облысындағы жаңа қаланы дамытпақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысындағы G4 City – жаңа қаласын дамытудың жаңартылған шеберлік-жоспарымен танысты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қала Алматы - Қапшағай трассасының бойында орналасатын болады және төрт ауданнан тұрады: Gate District - іскерлік және қаржы орталығы, Golden District - білім беру және медициналық хаб, Growing District - өнеркәсіптік және логистикалық хаб, Green District - туризм және ойын-сауық.

G4 City-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай құрылысы және Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.

- G4 City Орталық Азияның жаңа экономикалық хабына айналады және Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп күтілуде. 2050 жылға қарай мегаполис аумағында 2,2 миллион адам тұрып, 1 миллионнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Gate District - те магистральдық инженерлік желілер тартылған, Қоянқұс тұрғын ауданының құрылысы жүріп жатыр, 3,5 жыл ішінде кемінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

G4 City девелопментін сингапурлық Surbana JURONG Group мемлекеттік компаниясы жүзеге асыратын болады. Бұл қалалар мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша Азиядағы ең ірі корпорациялардың бірі. Сингапурдың Temasek Holdings егеменді қорына тиесілі, оның 16 мың қызметкері бар, әлемнің 40 елінде қызметін жүзеге асырады. Компания Сингапурда 1 млн астам пәтер девелопментін орындады, 30 елде бас жоспарлар әзірледі, 100-ден астам индустриялық парктерді жобалады.

Таныстырылым қорытындысы бойынша қазақстандық Caspian Group компаниясы мен Surbana Urban Group арасында G4 City жобасын іске асыруда одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.