Bugin

Атырау облысында дәретханадан сәби табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында қоғамдық дәретханалардың бірінен сәби табылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оқиға 3 қазанда Индер ауданында болған. "Менің қалам" хабарлағандай, баланы 31 жастағы әйел көшедегі дәретханаға тастап кеткен.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа туған нәресте Индер аудандық ауруханасының перзентханасына орналастырылған.

- Бала ауруханаға дененің гипотермиясымен түскен. Дәрігерлер сәбиді жансақтау бөліміне жедел жеткізген. Оның 31 жастағы анасы сол ауданның тұрғыны. Ол аудандық аурухананың босанғаннан кейінгі бөліміне жатқызылды, - деп хабарлады дәрігерлер.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу мүддесі үшін басқа ақпараттар жариялауға жатпайтынын атап өтті.