Bugin

Шымкентте «SMART» аялдама ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымкент қаласында ОҚМУ және М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған мектеп жанынан демеушілер есебінен екі «ақылды» аялдама пайдалануға берілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жаңа аялдамада тұрғындардың жолаушылардың ыңғайлылығы үшін тегін wi-fi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша, бейнебақылау камералары орнатылған.

Жаңа аялдаманың ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары

Мақсұт Исахов мұндай жобалар қала тірішілігіне керек екенін жеткізді.

–Инвестор салып отырған бір аялдаманың құны 8 млн. теңгені құрайды. Өкінішке қарай, қалалық бюджет есебінен мұндай қаржыға аялдамалар сала алмаймыз, бағасы өте қымбат. Ақылды аялдаманың ең үлкен артықшылығы – жазда салқын, қыста жылы. Тағы бір тиімділігі электр жүйесінің шығындары мен күтіп ұстау, тазалық мәселелері де инвестордың жауапкершілігінде болады,-деді қала әкімінің орынбасары.

Аялдамаларды  қауіпсіз  ету  әрі мүлкін сақтау мақсатында бейнебақылау камералары қалалық Полиция департаментінің шұғыл орталығына қосылған.

Айта кетсек, жыл соңына дейін жолаушылардың хабы саналатын 8 нүктеге соңғы үлгідегі ақылды  аялдамалар салу жоспарланып отыр.