Bugin

Желіде сот орындаушының соққыға жығылған видеосы тарады (виде)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда сот орындаушы үйді бұзу барысында соққыға жығылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таралды. Кадрдан үйдің ауласында екі полиция қызметкері мен бірнеше адамның қоршауында ересек адамның тұрғанын байқауға болады. Бір сәтте оған басқа ер адам жақындап, қабырға тұсынан соққы берді.

Алматы қаласының жеке сот орындаушылар палатасы хабарлағандай, оқиға 4 қазанда болған. Зардап шеккен қызметкер үйді бұзу бойынша атқарушылық шарасына барған.

- Полиция қызметкерлерінің жанындағы белгісіз адам сот орындаушысына қысым жасайды. Сот орындаушысы ұрып - соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті өтініш жазды, - деді ЖСО Алматы палатасында.

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы сайтындағы мәлімдемеде былай делінген:

- ЖСО орындау іс-әрекеттері кезінде А. А.Ермековті Н. Н. Ысқақов есімді азамат тұншықтыра бастады. Кейін ол сот орындаушысына жақындап, құлатып, тоқтатуды талап ете бастады. Бұл жолы Ермеков А.А. болып жатқан жағдайға назар аудармауға шешім қабылдады. Алайда, М. Н. Ысқақов дереу әрекет етіп, сот орындаушысына қабырға және өкпе тұсынан бірнеше рет соққы жасаған. Бұл соққылар полиция қызметкерлерінің қатысуымен жасалған" - деп жазылған.

Жедел жәрдем дәрігері денсаулыққа орташа зиян келтіргенін атап өтті.

- Оқиға болған кезде полиция қызметкерлері қашып кеткен. Олар сот орындаушының жанынан табылмаған. Сот орындаушысы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, ұрып-соққаннан кейін көшеге шығып кеткен учаскелік полицейлер туралы шағымданды. Полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстауға толықтай әрекет етпеген - делінген жазбада.