Bugin

Психологиялық тест: «Сандықтағы алтынды алу үшін оны қай кілтпен ашар едіңіз?»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сіздің санаңызда не жасырынатынын білу әрқашан қызықты. Ендеше құпияның пердесін ашып, өзіңіз туралы жаңа нәрсе білгіңіз келе ме? Онда сіздің назарыңызға осы тестті ұсынамыз. Суретке қараңыз және кілтті таңдаңыз…

1 кілт:

Егер сіз осы нөмірдің астындағы кілтті таңдасаңыз, сіз жеткілікті консервативті көзқарастарға ие адамсыз. Тәуекелдер мен тосын оқиғалар сізге арналмаған. Сіз өзгерісті ұнатпайсыз. Алайда мұның бәрі сіз үшін күйзеліске айналуы мүмкін. Бірақ өмір - бұл өте күрделі нәрсе екенін ұмытпаңыз. Ол түрлі тосынсыйларын алып келеді. Айналаңызда болып жатқанның бәрін қабылдауға тырысыңыз. Өйткені, көп жағдайда өзгерістер жақсы болады.
2 кілт:
Бұл кілт сіздің өте күрделі адам екеніңізді білдіреді. Сіздің ойыңызда не болып жатқанын ешкім білмейді. Басқаларға өте қатал болып көрінесіз, сондықтан олар сізден аулақ болуға тырысады. Сіз басқарушы лауазымына лайықтысыз. бағыныштылар сізді құрметтейді және жұмыстан кетпейді. Бірақ дүниелік өмірде сіз қарапайым және мейірімді болуыңыз керек.

3 кілт

Ұйымдастырушылық қабілеті басым адам ұстайды. Сіздің ішкі түйсігіңіз жақсы дамыған. Соның арқасында өмірлік жолыңызды жаңылмай тауып келесіз. Есепке және құнды қағаздармен жұмыс істеуге ширақсыз. Ауқымды жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жеңісті қанжығаңызға оңай байлауға бейімсіз. Алдыңызда отырған адамның ойын тез оқып қоясыз. Сол себепті сізді алдап, тақырға отырғызу өте қиын. Өзгелерге не керек екенін жақсы білесіз. Мақсатыңыз айқын. Тіпті сәтсіздіктердің өзін, еңсеңізді тік ұстаған күйі жеңіл қабылдайсыз. Достарыңыздың өзі сәтсіздікке ұшыраса сіздің қолдауыңызға зәру. Өйткені сіз әрдайым "Достым, еңсеңді түсірме! Қиындықтың барлығын бірге еңсереміз" деп шабыттандырасыз. Сізге кеңесіміз, осы қалпыңыздан танбаңыз.

4 кілт
Төртінші кілтті таңдасаңыз зіңіз жайлы өзгелердің сөз тасығанын аса ұнатпайсыз. Сіз ағыспен жүруге көнбейсіз. Өмірде өз жолыңызды нақты айқындаған болсаңыз, ағысқа қарсы жүзуге де дайынсыз. Айналаңызға сыни көзқараспен қарайсыз. Сіздің дамуыңыз бен жетістікке жетуіңізге кедергі болатын адамдармен бірден қоштасасыз. Тіпті достарыңыздың өзі сіздің іріктеуіңіз бен сыныңыздан өткен. Өйткені сіз мотивация сыйлайтын адамдармен жолдас болғанды ұнатасыз. Ішкі сырыңызды көп аша бермейсіз. Алайда бойыңыздағы ең жақсы қасиеттердің бірі жаныңыздағы адамдардың қателікке ұрынарын алдын ала сезіп отыратындығыңызда. Және қателік жасауларына жол бермейсіз. Олар сіздің ескертпеңізді ескергілері келмегенмен, сіздің ешқашан қателеспейтініңізді біледі. Сол себепті сізді тыңдауға мәжбүр. Өйткені сіз турасын айтатын, бірбеткей адамсыз. 

5 кілт
Егер сіз бесінші кілтпен ашқан болсаңыз, сіз табиғатыңыздан өте шыдамды адамсыз. Өзгелердің жағдайын өте жақсы түсінесіз. Және жаныңызға жақын адамдардың басына түскен қиындық сізді бей-жай қалдырмайды. Сіз де бос уақыт деген болмайды. Бола қалған күннің өзінде де сізден көмек сұрап келген адамның шаруасын шешуге бос уақытыңыздың барлығын арнайсыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғалардың ешбірі сіздің қатысуыңызсыз өтпейды. Бір сөзбен айтқанда сіз өзіңіз үшін емес, өзгелер үшін жаратылған жансыз. Сіздің жүрегіңіз нәзік, болмысыңыз ерек. Мінезіңіз ашық, жарқын көңіліңізбен адамдарды тез баурап алатын күшке иесіз. Бәлкім, бір сәтке болса да өзіңізге көңіл бөлерсіз? Сізге айтар кеңесіміз, бір күніңізді өзіңізге арнаңыз. Саяхаттаңыз, тынығыңыз, кітап оқыңыз, жақсы фильм көріңіз.

6 кілт
Егер сіз алтыншы кілтті таңдаған болсаңыз, сіз қарапайым адам емессіз. Бойыңызда шығармашылық дарын бар. Айналадағы болып жақтан оқиғалардың барлығы сізді бей-жай қалдырмайды. Тіпті болмашы өзгерістің өзі сізге ерекше шабыт сыйлайды. Сіздің ерекше дарыныңыз бен көп қырлы қабілетіңізге өзгелер қызғанышпен қарайды. Тіпті олардың қатарында достарыңыз да бар. Сәнді киінесіз, соңғы сән үлгісіндегі киімдерді үйлестіре білесіз. Шығармашылықтан бөлек әртістік қабілетіңіз болғандықтан, айналадағы адамдарға ерекше әсер қалдырасыз. Сізді оңай ұмыта салу қиын. Егер қазіргі мамандығыңыз театр, кино, шығармашылық саласына қатысты болмаса, ойланып көрерсіз. Өйткені ерекше дарынды тұншықтыруға болмайды.

7 кілт

Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.