Bugin
Орта салмақтағы WBO International тұжырымының чемпионы Қанат Ислам жағымды жаңалығымен қуантты. Соңғы жекпе жекі ақпан айында АҚШ-тың Флорида штатында өткен былғары қолғап шебері алдағы уақытта рингке қайта оралмақ. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
- Құрметті жанкүйерлерім, біз жекпе-жекке қызу дайындалып жатырмыз. Жақында жақсы жаңалықты бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!, - деп жазды ол Instagram парақшасында.