Bugin

«Вечерний Ургант» Байқоңырда: Қазақ жігітінен алынған сұхбат желіні жарды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Вечерний Ургант" ойын-сауық шоуының командасы Байқоңыр тұрғындарынан сұхбат алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Шоудың YouTube-арнасында жарияланған "Алла Михеевамен бірге ғарыштық репортаж" кадрларында тележүргізушінің қала тіршілігі туралы жергілікті тұрғындардың бірінен алған сұхбаты барысында орын алған қызықты жағдай желіде хитке айналды. Ер адам оған қазақша жауап берді.

Михеева жауаптан ештеңе түсінбегендіктен, өтіп бара жатқан ер адамнан қазақ тілінен орыс тіліне аударуды өтінді. Бірақ ол ештеңеге көмектесе алмады. Нәтижесінде сұхбат сәтсіз аяқталды.