Bugin

5G желісі сынақтан өткізілуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 5G желісі тесттен өткізіліп жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz.

- Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тесттен өткізіп жатыр. Алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетуде - деп жазды министр.