Саясат

Жастарға сөзден іске көшетін кез келді

Жастардан не күтеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды  «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын!
Нұрсұлтан Назарбаев

Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеміз.,Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Оның бір дəлелі Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы. Биылғы жыл – жастар жылы! Сондықтан, жастарымыз тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп, бүгінде тек алға ғана ұмтылуы керек. . Олар біздің ертеңімізд іжалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып,  істерімізді одан ары дамытып, әлем елдеріне танытаты нұрпақ.

Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақсандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатқаны сөзсіз. Жолдау барысында Елбасымыз Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс екендіігін атап көрсетті.

Менің  ойымша , 2019 жылдың  Жастар жылы деп жариялануы жайдан-жай емес. . Неге десеңіз, Қазақстандағы 18 млн-нан астам халықтың 40 пайыздан астамы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда біз өте жас, өсіп келе жатқан халықпыз. Елбасы тәуелсіздік алған сәттен әрбір мемлекеттік маңызы бар құжатта жастардың рөлін, маңыздылығына   аса мән беріп, қамқорлығын көрсетіп келе жатыр. Елбасы көреген саясатымен болашаққа көз жүгіртіп, яғни тәуелсіздік алған жылдардан бастап аға буын жасап  кеткен дүниелерді әріқарай жалғастыратын, татулықты сақтайтын, мемлекеттік саясатты қолдайтын жастарды қалыптастырып шығару қажеттігін, яғни ұрпақтар сабақтастығы пайда болуын айтып отыр.Елбасының бұл бастамасы жастар үшін үлкен мүмкіндік алаңына айналып отыр. Тек  жастар сол мүмкіндікті қалт жібермей дұрысынан пайдаланып ,өз нәтижесін көрсетсе екн деген ойдамыз.

Бүгінг іжастар – ертеңгі кәсіби білікт імаман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өзорнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бей жай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.. Әсіресе, кейбір ұлттық мәселеге келгенде салмақты пікір, ұтымды ой білдіріп, өзіндік менін жоғалтпағаны абзал. Қазақта «Жас келсе – іске» дегенсөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады.Оны көріпте,біліп те жүрміз . Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. Жастарымыз сөзден іск екөшетін кезге жетті.Жастарға өз қабілеттерін дәлелдеу ғана қалды деп ойлаймын. 2019 жыл құрғақ сөз болып қалмайтын , жастардың нақты мәселелерін шешетін, шешіп қана қоймай абыройын асқақтатын жыл боларыныа сеніміміз мол!