Bugin

Көп балалы ана жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында мұғалім қызметін атқаратын көп балалы ана жаңа туған баласын қоқыс жәшігіне тастаған. Қайғылы оқиға 2021 жылы 23 қаңтарда орын алған.

36 жастағы мектеп мұғалімі дәрігерлерге қаралмай өзі босанған. Ол баланың күйеуінен екеніне сенімді болмағандықтан, босанғаннан кейін оны қоқыс жәшігіне тастаған. Ол қатты қан кетіп үйге оралған. Күйеуі жедел жәрдем шақырып, ауруханада қылмыстың мән-жайы анықталған.

Шақырылған полицейлер баланың өлі денесін қоқыс жәшігінен тапты. Бала қатты аяздан үсігіп, өлі табылған.

Сотта ол кінәсін толық мойындап, өкінді. Оның айтуынша, оқиғадан кейін күйеуі екеуі ажырасып кеткен. Оның асырауында төрт баласы бар, осыны ескере отырып жазаны жеңілдетуді сұрайды. Сот оны білім саласындағы лауазымдарды атқаруға тыйым салып, бір жарым жылға бас бостандығынан айырды.