МӘДЕНИЕТ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Күміс домбыра» айтысы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылғы 6 қазан күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай  жас ақындар арасында «Күміс домбыра» айтысы өтті.

Айтыстың мақсаты: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында жеткен жетістіктерін насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. Төл өнеріміз айтыстың жас буындар арасында, жаңа есімдермен толығуына үлес қосып, дарынды жастарды қолдау. Ақындардың шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Аталмыш айтысқа Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлы, зиялы қауым өкілдері, маслихат депутаттары, белгілі айтыскер ақындар, волонтерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Сайысқа 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер ақын қатысуға ниет білдіріп, іріктеу нәтижесі бойынша 16 ақын додада бақтарын сынады. Елімізге танымал қоғам белсенділері қазылық етіп, бағасын берді.