Bugin

Цой халықты қайта вакцинациялау мәселесіне жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі халықты қайта вакцинациялау мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы  Алексей Цой эпидемиологиялық жағдай мен коронавируспен күресу шаралары туралы жиында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz. 

Министр бұл мәселе асығыс шешімдерді керек етпейтінін, дереккөздер мен халықаралық тәжірибені сауатты түрде зерттеу қажет екенін жеткізді.

- Қазір ревакцинация әдістері зерттелуде. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағының жоғары деңгейлі тобына кірді. Дәл қазір ревакцинация стандарттары мен стратегиясымен арнайы жұмыс тобы айналысуда. Ревакцинацияны абайлап жүргізу керек, себебі ол ұқыптылықты қажет етеді. Бұл ретте, ең алдымен, халықтың осал топтарын және антиденелері жоқ азаматтарды вакцинациялау. Жиілік бойынша қандай вакциналар қажет, қандай мөлшерде иммундау жөніндегі ішкі комиссиямыз қарастырылуда. Жақын арада ведомствоаралық комиссия бағдарламаның өзін бекіту үшін ұсыныстар мен параметрлерді ұсынады, - деді спикер.