Білім және ғылым

Шымкентте физика-математика бағытындағы лицей ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Асар» шағынауданында физика-математика бағытында тереңдетіп білім беретін «Intellect»  лицейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және Біріккен Араб Әмірліктерінің «Ummet» қоғамдық қорының өкілі Салих Али Абдрахман Бухалид қатысты.

—Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шымкент қаласында 70 мектеп болса, бүгінде білім ұяларының саны 200-ге жуықтады. Онда 250 мыңға тарта оқушы білім алуда. Соңғы жылдары білім саласына инвесторлар тартылып, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептер көптеп салынуда. Бүгін сондай білім ұяларының тағы біреуі — «Intellect» физика-математика лицейінің ашылуына келіп отырмыз. Осының барлығы жас ұрпақтың білімді болуына мемлекеттің айрықша назар аударып отырғанын көрсетеді, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жиын барысында «Ummet» қорының өкілдері оқушыларға мектеп формаларын сыйға тартты.

Айта кетейік, заманауи үлгіде бой көтерген мектепте оқушыларға физика-математика бағытында тереңдетілген білім беріледі. Сондай- ақ, білім алушыларға  жалпы пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп, шахмат, домбыра, тігін үйірмелері де жұмыс істейді. Жалпы, лицей 600 оқушыға арналған. Әзірге мұнда 275 оқушы білім алуда.