Bugin
Нұр-Сұлтанда полиция шақырту түймелері пайда болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қалада алты құрылғы орнатылды. Олар Есіл жағалауында, базарлар мен сауда үйлерінің жанында және Гете көшесінің бойындағы теміржол вокзалы алаңында.
«Panic SOS түймесі» кіріктірілген бейнекамера мен динамиктерге ие. Деректер автоматты түрде жазылады.
Жалпы, жыл соңына дейін адамдардың демалатын және жиналатын жерлеріне 13 түйме орнату жоспарлануда.