Ерекше қасиеттерге ие Леонардо роботы көрсетілді (фото, видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Калифорния технологиялық институтының (Caltech) зерттеушілері арқанда және сноубордта жүре алатын, ұшатын жаңа роботты көрсетті. LEONARDO атты роботтың негізгі мақсаты - қауіпті миссияларды орындау және жетуге қиын жерлерді зерттеу.
Автономды жүйелер мен технологиялар бойынша Caltech орталығы роботты алғаш рет 2019 жылы таныстырды. Алайда, алдыңғы модель жақсы жабдықталмаған еді. Ол кезде робот жүрмейтін еді. Аал оның қозғалтқыштары ұшуға емес тек секіруге арналған болатын. LEg ON Aerial Robotic DrOne (LEONARDO) деп аталатын жаңа робот тепе-теңдікті сақтап, биік ғимараттан екіншісіне секіре алады, дейді жоба авторлары. Роботты инженерлер құстардың жүруі мен ұшуына қарап жасаған. 
Команда аталған өнертабыстары Марс сияқты басқа планеталарға қондырғыларды тасымалдай алатынын айтты. Леонардоның аяғы жеңіл металдан жасалған, бұл қозғалтқыштардағы жүктемені жеңілдетеді. Сондықтан ол жаяу жүру мен ұшуды алмастырып отыра алады.

76 см биіктіктегі робот тепе -теңдікті сақтай отырып, аяқтарын жақсы басқарады. Ұшу кезінде ол қарапайым дрон сияқты қозғалтқыштарын ғана қолданады. LEONARDO винттері оның жаяу және қозғалу кезінде тік тұруын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61