Bugin

Шекарадағы астықты қабылдау: Қытай Қазақстанға күтпеген шарт қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай Қазақстанмен жаңа қарым-қатынас орнату үшін күтпеген шарттар қойды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қытай елі Қазақстаннан өздеріне қарсы ел ішінде жүргізіліп жатқан митингілер мен оған қатысушыларды жазалауды талап етуде. 
- Қытай елі Қытайға қарсы митингілер мен пикеттерге қатысушыларды жазалауды талап етуде. Яғни, Қазақстандағы синофобиялық көңіл-күйдің төмендеуін сұрауда. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастық жалғасуы мүмкін - дейді олар. 

Бұл екі ел қарым-қатынасының жаңа кезеңі. Тараптардың бірі серіктес елдің басшылығына мемлекет ішіндегі саяси әрекеттерге қарсы шешім қабылдауы үшін экономикалық қысым жасайды.

Нұр-Сұлтанда қажетті шешім қабылдау процесін ынталандыру үшін Қытай біржақты тәртіппен "Қорғас" және "Достық" кедендік рұқсаттамаларында карантинді қатаңдатуды жариялады.

Бірақ ең қызығы, карантин тек Қазақстаннан келетін жүктер үшін қатаңдатылды. "Бір белдеу – бір жол" жобасы бойынша өтетін транзиттік жүктерді – Еуропадан Қытайға теміржол құрамдары, Қытай кедені басым тәртіппен қарайды. Сондықтан олар іс жүзінде шекарада қалмайды. Алайда, Қазақстанның Қытаймен екіжақты саудасы аясында темір және автомобиль жолдарымен жүретін барлық жүктер бақылауға "ілінген".