Bugin

Цирк әртістері тегін шеберлік сабағын өткізуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Шымкент-Цирк» мекемесінің 10 жылдығына орай цирк әртістері бүлдіршіндерге тегін шеберлік сағаттарын өткізуде.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қатысушылар шеберлік сағатында сальто, акробатика, джигитовка, фокус, заманауи бидің әдіс-қимылдарын үйрене алады. Онда әртістер әр бүлдіршінмен жеке-жеке жұмыс істеп, бір сағат бойына шеберлігімен бөліседі.

Сәрсенбіде цирк әртісі Азизбек Иристаев «5 минутта сальто» сабағын өтті. Жасөспірімдер сальто тастаудың қыр-сырын меңгеріп, жеңіл жаттығу жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ, бейсенбіде Құрманғазы Ізтілеуов сиқыр әлемінің сырымен бөліссе, бүгін Ұлықбек Медешов акробатикадан дәріс бермек. Осы сынды шеберлік сағаттары арнайы кестеге сай, жиі өтіп тұрады. Шеберлік сағатының жанры мен мерзімін Шымкент-цирктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.