Bugin

«Сарбаздың айқайы»: Шекара қызметі түсініктеме берді (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскерге шақырылған сарбаздың айқайлаған видеосына түсініктеме берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бөлімшеде жауынгердің 2021 жылдың 25 қыркүйегінде Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментіне әскери қызметке шақырылғаны және 27 қыркүйекте қызмет орнына келгені хабарланды. Оны Қызылорда облысының әскерге шақыру комиссиясы әскери қызметке жарамды деп таныған.

 - 29 қыркүйекте ол дененің құрысу ұстамасы белгілерімен Үшарал қаласының орталық аймақтық ауруханасына жатқызылды. 30 қыркүйектен бастап ол Алматыдағы ҰҚК ауруханасында тексерілуде. Әскери дәрігерлік комиссия оның ары қарайғы шешімін қабылдайды - делінген комитет хабарламасында.