Bugin

Қазақстандық оқушы есту қабілеті бұзылған адамдарға арнап қосымша жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан халықаралық мектебінің оқушысы Хақназар Әбілда есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған мобильді қосымша ойлап тапты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Python бағдарламалау тіліндегі қосымша дауысты және жазуды мәтінге түрлендіреді. Оқушының айтуынша, виртуалды ассистент пен мәтінді тануға арналған кіріктірілген сканер есту проблемалары кезінде өмірді жеңілдетіп қана қоймай, смартфон қолданушыларының күнделікті өміріне де жәрдемін тигізетін көрінеді.

- Менің жобамның қоғамға пайдасы тиеді деп ойлаймын. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға да, қарапайым адамдарға да. Олар мәтінді қолмен тере алмайды, жай сөйлейді. Қолданба мәтінді нақты уақытта аудару функциясын ұсынады. Аталған виртуалды көмекші 20 функцияға дейін орындайды - деді Хақназар Әбілда.

Оқушының жұмысы 21 мектептің 46 оқушысының жіберілген жұмыстары арасында «Туған елге тағзым» НЗМ оқушылары арасындағы желілік байқауда бірінші орынды жеңіп алды.

- Мен байқау туралы тек жақсы әсер алдым: мен жеке жобамды көрсетіп қана қоймай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін көре алдым - деді Хақназар Әбілда.

Болашақта ол Play Market пен App Store платформаларында қосымшаны және зағиптарға арналған функцияларды іске қосуды жоспарлап отыр.

ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемдегі адамдардың 5% -дан астамы есту қабілетінің нашарлауынан зардап шегеді. Қазақстанда олардың саны 150 мыңға жуық.