Weekend

Қазақ сурет өнерінің майталмандары

Қайталанбас туындылар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ халқы өнермен бірге туғандай-ақ дерсің. Сөзімнің дәлелі біздің елдің суретшілерінің таланттылығы адамды тәнті етпей қоймайды. Қазақ халқы өнермен бірге туғандай-ақ дерсің. Сөзімнің дәлелі біздің елдің суретшілерінің таланттылығы адамды тәнті етпей қоймайды. 

Солардың бірі де бірегейі Қанапия Телжановтың туындылары. Сурет әлеміне ерекше серпіліс әкелгенде талантты жанның тамаша суреттері деп білемін. Қараша халықтың көңілінен жоғары орын алған  “Домбыра әуендері”, “Көкпар”, “Тыныштық”, “ Ата мекен” шығармаларына Мемлекеттік сыйлық  берілді. Ата мекен полотнасы туған жерге деген  ерекше сүйішпеншіліктен туындаған дүние.  Үздік шығарманың суретшілердің өрлеу кезеңіне жаңа леп әкелгендігі де белгілі. Сондай-ақ бұл картина басқа да суреттердің туындауына үлкен жол ашты.Қазақ халқы сурет салу машығынан кенде халық еместігін сан мәрте дәлелдеген халық. Жас буын өкілдері сурет салуға қызығушылықпен қарап жүр. Ал қазірде көптеген авторлардың туындылары шетел асып, әлемді таңғалдыруда.

Ағымсалы Дүзелханұлы- кескіндеме, портрет жанрындағы көркем туындылардың авторы. Оның “Абылай хан ”, ‘Әбілхайыр хан'', ‘Әйтеке би’, “Қазыбек би”, “Қорқыт” сынды тарихи тұлғалардың портретін салумен ерекшеленеді.

Суретші Жеңіс Кәкенұлын жұрт кескіндемеші, карикатурашы,арт-критик, суретші ретінде таниды. Түрлі галлереяларымен танымал Жеңіс Кәкенқұлының “Студенттік кез”, “Әуен”, “Жақсы адам еді”, “Мәдениетті қолдау” деген суреттері қазақтың суретшілер қоғамына тың дүние болып келді.

Роза Жүнісқызы Қойшығұлова (1958 ж. т.) - суретші. Кітап графикасы саласында жұмыс істейді. Ол «Абай шығармаларының ізімен» атты топтамамен салынған 2 жұмыстың  авторы. Бұтақтары қурап, тамырлары солып бара жатқан ағаштар арасындағы Абай бейнеленген. 1-суреттен қайғы мен үрей табы білінеді де, 2-суретте ақын поэзиясы мен ой-арманының өміршең болашағы - ұядағы сары қанат балапан мен ақбоз арғымақ бейнеленген.

Сәуле Сыздыққызы Бапанова-Соңғы еңбектері: «Сарыарқа» , «Жер жаннаты» , «Көшпелі бақ» , киіз киімдерінің топтамасы , «Көкке таңырқау» , «Түнгі мерген» , «Тағдыр тоқуы» , «Салт атты әйел» ,«Ғасырлар биі».