Bugin

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Филиппин журналисі Мария Ресса мен «Новая газета-ның» бас редакторы Дмитрий Муратов бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
 
Нобель комитеті сыйлықты Ресей мен Филиппиндегі «демократия мен мызғымас бейбітшілікке жол ашатын сөз бостандығы күресі» үшін берді.
 
Нобель сыйлығының иегері Муратов жеңісін қаза тапқан, қуғынға ұшыраған әріптестеріне арнайтынын айтты: 
 
— Бұл сыйлық Анна Политовская, Юрий Щекочихин, Игорь Домников, менің қаза тапқан достарым мен әріптестерімдікі деп ойлаймын, — деген журналист Reаdovka-ға.
 
Еске сала кетейік, былтыр бұл жүлдеге БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ие болған еді.