Bugin

Цой: «Қазақстан коронавирустың төртінші толқынынан өтті»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның коронавирустың төртінші толқынынан өткенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

- Қазақстан коронавирустың төрт толқынынан өтті. Аурудың соңғы шыңында күніне 7800-ге дейін жағдай тіркелді. Профилактикалық шараларды уақтылы енгізу, коронавирусқа қарсы эпидемиялық шаралар қолдану аурудың таралуын тежеді. Сондай-ақ, елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектесті - деді министр Мәжілістегі үкіметтік сағатта.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуы тұрғысынан эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды.

- Тәулігіне 2000-ға дейін жағдай тіркеледі, бұл инфекцияның таралуына да әсер етті: 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті саны 1,2 есе, 1,11 -ден 0,96-ға дейін төмендеді - деп қосты ол.