Bugin

Балаңызды қауіптен сақтаңыз: «Кальмар ойыны аса қауіпті»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оңтүстік Кореяда түсірілген «Кальмар ойыны» телехикаясы балалар психикасы үшін аса қауіпті деп танылуда. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Ұлыбританиялық мұғалімдер оқушылардың ата-анасына осындай ескерту хат жіберді. Өйткені киноны бастауыш сынып оқушылары көріп қана қоймай, ондағы ойындарды мектепте қайталап жүр екен.  

- Телехикая желісі бойынша ойыннан жеңілген қатысушылар өлтіріледі. Ал балалар шын өмірде сол кейіпкерлерге еліктегісі келеді. Мұндай қатыгездік біздің құндылықтарымызға қайшы. Сериалды балаңызға көрсетпеңіз, зорлық-зомбылық насихаттайтын контенттен аулақ ұстаңыз -  делінген хатта.

Ұстаздар, сондай-ақ ересектерді интернеттен төнген қауіпке бірге қарсы тұруға шақырды. Алдағы уақытта ғаламтордан келген қажетсіз ақпаратқа қалай төтеп беру керектігін үйрететін семинарлар өткізу жоспарланып отыр.