Bugin

Сингапурда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме өтуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сингапурда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қызғалдақтар» көрмесі өтуде. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Нәзік және жарқын гүлдер - Сингапурлықтар мен туристер арасында танымалдылыққа ие болған Bay Park by Gardens көрмесінің басты кейіпкерлері. Мұнда өтіп жатқан көрменің басты мақсаты, Қазақстан қызғалдақтардың ежелгі отаны екенін қалың жұртшылыққа дәріптеу. Қызғалдақ қазақ даласынан Таяу Шығысқа, содан кейін Еуропаға дейін жеткізілді.

Gardens by the Bay саябағының жанындағы шыны күмбезінің астында дәстүрлі Жібек жолы базарларының реконструкциялары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макеті, қазақтың дәстүрлі киіз үйі осы көрмеде арнайы жасалып, Сингапурға рейспен жеткізілген.

Саябақ басшысы Феликс Лоудың айтуынша, көрмеге келушілер саны аралдағы карантиндік шектеулерді ескере отырып, 200 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Қазақстанның Сингапурдағы елшісі Аркен Арыстанов ашылу салтанатында «Қызғалдақ» көрмесі екі ел арасындағы ынтымақтастық тарихында із қалдырып қана қоймай, Қазақстанның туристік имиджін насихаттауға септігін тигізетінін баса айтты. Жібек жолының маңызды буыны саналатын Қазақстан мәдениет пен руханиятқа және табиғи мұраларға бай ел екенін атап өтті.

Көрме 14 қарашаға дейін жалғасады.