Bugin

Қазақстандық фильм халықаралық кинофестивальге қатысады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Зере» дебюттік көркем фильмі Сан -Паулуда өтетін 45 -ші халықаралық кинофестивальде көрсетіледі. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Сан-Паулу халықаралық кинофестивалі, халықаралық деңгейде Мостра деп аталады. Ол дебютанттар арасында жыл сайын өтетін кинофестиваль. Биылғы кинофестиваль 2021 жылдың 21 қазаны мен 3 қарашасы аралығында өтеді. Ал ашылу салтанаты 20 қазанға орайластырылған.

Фестиваль үш бөлімнен тұрады: «халықаралық көзқарас», «арнайы презентация» және «дебютанттар байқауы». «Зере» дебютанттар байқауына қатысады.

«Зере» фильмінде Берік Айтжанов, Мұрат Бисембин, Ольга Ландина, Адина Бажан, Елжас Рахым және Сануржан Сүлейменов сынды актерлер ойнады.

Түсірілім былтыр Жамбыл облысында Балқаш көлінің маңында және кішкентай Тайсойған аралында түсірілген. Картина Тараз кинематографиялық мектебінің туындысы, сонымен қатар Qara Production мен Libertus Film-нің бірлескен туындысы.