Bugin

Қазақстанда қайта вакцинациялау уақыты белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакцинациялаудың тәсілдерін әзірледі. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін, 6-9 айдан соң қосымша дозаны енгізу ұсынылады. Ббұл ретте:

- векторлық (Sputnik) вакциналармен вакцинацияланған адамдар - инактивацияланбаған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНК вакцинасын (Pfizer) 9 айдан кейін қайта егу;
- инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналармен вакцинация алған адамдарға 6 айдан кейін векторлық (Sputnik) немесе м-РНК вакцинасымен (Pfizer) ревакцинация;
- м-РНК вакцинациясын алған адамдар (Pfizer),- инактивацияланбаған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Sputnik) вакцинамен 6 айдан кейін ревакцинация;
- вакцинация курсы аяқталғаннан кейін коронавирус індетіне шалдыққан адамдар - сауығудан үш ай өткен соң.

Осылайша, ревакцинацияның басталуы 2021 жылы қарашаның үшінші онкүндігіне жоспарланған. Ревакцинация контингенті: тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, мұғалімдер, жергілікті өзін-өзі басқару мен жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, құқық қорғау органдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; зерттеуден өз бетінше өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге тест нәтижесі теріс болған адамдар.

Вакцинаның бір дозасы ревакцинация үшін қолданылады.