Bugin
Шымкент қаласындағы ЖИТС - тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық жаңа автоматтандырылған «ExiStation ™️» ПТР жабдығымен толықты.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жаңа ПТР-анализатор АИТВ-жұқтырған пациенттердің иммунитет жағдайы мен ретровирусқа қарсы емнің тиімділігін бақылау үшін қолданылады
Автоматтандырылған аппарраттың көмегімен медицина мамандары аз ғана уақыттың ішінде сынама талдамаларын алады. Нақтырақ айтқанда, зерттеу нәтижесін алу уақыты - 3 сағат. Ал өндірістік қуаты - бір ауысымда 40 тесттік тексеру жүргізуге қауқарлы.
Тағы айта кетерлігі, аппарат толығымен автоматтандырылған, соның салдарынан инфекциялық қауіпсіздік және анықтаудың жоғары дәлдігі барынша қамтамасыз етіледі. Яғни, адами фактор әсерінен болатын қателіктерге жол берілмейді.
ЖИТС орталығындағы зертхана бөліміне қойылған жаңа аппаратта жұмыс істеу үшін медицина мамандарына арнайы оқыту жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, жаңа аппарат ҚР ДСМ «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қордың қаржылық қолдауымен алынған.