Bugin

Қазақстанда орташа жалақы 257 мың теңгеден асты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда орташа жалақы 257 мың теңгеден асты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қыркүйегінде бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 257 030 теңгені құрады. Тамызда 256 455 теңге болды.

Бұл ретте 2021 жылдың қыркүйегінде жұмыссыздар саны 451,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрады.