Bugin
Қазақстанда ұн мен нан қымбаттайды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашукеев өсімнің себебі төмен өнімділік екенін айтты.
- Болжамдар бойынша дәнді және бұршақ дақылдарының орташа өнімділігі гектарына 10 центнер деңгейінде 16 млн тонна көлемінде жоспарлануда (2020 жылы - 13 ц / га, 20 млн тоннадан астам жиналды) - деді басшы.
Алайда, оның айтуынша, әлеуметтік нан бағасы онша сһһқамбаттамайды. Ол үшін әлеуметтік нан өндіретін барлық кәсіпорындар халықты арзан астықпен қамтамасыз етеді.