Bugin

Қазақ аккордеоншысы әлем чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ аккордеоншысы, отыздан астам халықаралық жарыстардың лауреаты Олжас Нұрланов «74th Coupe Mondiale» халықаралық беделді байқауында әлем чемпионы атағын алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Әлем кубогы (Coupe Mondiale) - аккордеоншылар арасында жыл сайын өткізілетін халықаралық жарыс. Байқау алғаш рет 1938 жылы Парижде өтті.

Биыл байқау 13-17 қазан аралығында Мюнхенде өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген өнерпаздар чемпиондық атаққа таласты. Олжас қатысқан «Senior Coupe Mondiale» санатындағы байқау үш турда өтті.

Жеті музыканттың төртеуі байқаудың финалына шықты. Олжас Иоганн Себастьян Бах, Доменико Скарлатти, Франц Лист, Михаил Глинка мен Владимир Золотарев пен Вячеслав Семеновтың түймелік аккордеонға арналған түпнұсқа композицияларын орындады.

- Әлем кубогы - бұл әр кәсіби аккордеоншы үшін сыйлық. Ал мен бала кезімнен осы мақсатқа жетуды армандадым. Ұстаздарыма және мені қолдаушыларға алғысымды айтамын - деді Олжас Нұрланов.