Психологиялық тест: «Сіздің көзіңіздің түсі қандай?»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарсы алдыңызда тұрған адамның қандай жан екенін сөйлеген сөзінен, сүйікті түсінен, бет-әлпетінің ерекшелігінен, жүрісінен тануға болады. Алайда адам туралы ең көп мәліметті көзі береді. «Көз – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы» деп текке айтпаса керек. Олай болса, көздің түсіне қарап адам мінезін анықтап көрейік.

1. Сұр көздің иесі – ақылды және шешімді дұрыс қабылдаушы. Қиындыққа тап болса, қашпай, бірден шешімін табуға кіріседі. Тек ақылына ғана сенеді. Бұл адамдарға айналадағының барлығы да қызықты. Махаббат пен мансапта да жолы болады.

2. Көк көздің иесі – өте эмоционалды, сезімтал, романтик жандар. Түс Шолпан планетасына сай келеді. Олар серігіне ес-түссіз ғашық болады. Және өзіне дәл солай ғашық етеді. Олардың не ойлап тұрғанын анықтау мүмкін емес. Әрдайым әділдікті жақтайды. Қулығы да жоқ емес. Кемшілігі деп тәкаппарлығын айтуға болады.  

3. Қоңыр көздің иесі – табиғатынан сезімтал, өте ақылды, тартымды келеді. Бұлар - өте темпераментті адамдар. Адамға тез ренжіп, ренішін жүзінен байқатып, артынша жылдам ұмытып кетеді. Кемшілігі деп қырсықтығын айтуға болады. Астролог мамандар қоңыр көзді адамдардың ашық-жарқын келетіндігін, кез келген адаммен жылдам тіл табысатындығын айтады. (Күн мен Шолпан, Сатурн энергиясының қосындысы). Бұл адамдар айналасына ғашық болып жүреді.

4. Күлгін көздің иесі – сирек кездесетін талантты жандар. Олар қарсы алдында тұрған адамның ойын оқи алады. Әртістікке бейім, кез келген іске шығармашылық жұмыс секілді қарайды. Мұндай сарыға ұқсас түстегі көздер сирек кездеседі. Арам ойыңыз болмаса, бұл адамдармен сөйлесу рахат сезімін сыйлайды.

5. Жасыл көздің иесі – нағыз нәзік жандар. Таңдаған жандарына әрдайым адал болып, шын сүйеді. Достары сенімділігі мен мейірімін ерекше бағаласа, дұшпандары қатты мінезі мен айтқанын орындамай қоймайтындығынан қорқады. Серігін өте жақсы тыңдайды, үнемі ұтымды пікір айтады. Өздері басқарып отырған кез келген істі мінсіз етіп орындайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61