Bugin
Қазнет қолданушылары біздің елде балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастауды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама таратуда. Болжам бойынша, ауыл тұрғындары иммунизацияға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданды деп жазған болатын. Алайда, бұл мәлімдеме жалған, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
Вакцинацияға байланысты мұндай жоспарлар туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
- Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күнге дейін 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer / BioNTech шығарған вакцина Қазақстанға жеткізілмеген. Сондай -ақ, балаларды вакцинациялау жоспары жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-анасының келісімі бойынша жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты емес - делінген департамент хабарламасында.